Балаларды көкжөтелге қарсы жоспарлы вакциналау жүріп жатыр

2 167

Фото: pixabay.comҚазақстанда балаларды көкжөтелге қарсы жоспарлы вакциналау жүріп жатыр, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

«Үкімет Қаулысы бойынша балаларға көкжөтел вакцинасын салу 7 жастан басталады. Тегін кепілдендірілген медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында екпенің үш түрі сатып алынады – Гексаксим, Пентаксим, АбКДС», - дейді Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің вакцина арқылы реттелетін инфекцияларды бақылау басқармасының басшысы Нұршай Әзімбаева.

Оның сөзінше, 2024 жылға деп Гексаксим вакцинасының 700 000 дозасы сатып алынған. 8 айдың ішінде 437 мың бала екпе алған.

• Екпенің бірінші дозасын 1 жасқа дейінгі 222 мың бала;

• Екінші дозасын 215 мың бала алған.

Ал Пентаксимнің 760 мың дозасы сатып алынған. Оны екі жасқа дейінгі 435 мың бала салған.

• Бірінші дозаны 215 мың бала;

• Екінші дозаны 2 жасқа дейінгі 220 бала алған.

Ал 6-7 жастағы балаларға арнап АбКДС вакцинасының 360 мың дозасы сатып алынған.

Қаңтардан бері бұл вакцина 213 мың балаған салынған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елдегі көкжөтелмен ауырған балалардың 80-90 пайызы екпе алмағандар.