Жыныс мүшесі зақымданған ер адамға протез салынды

2 500

Фото: Opennews.kz ЖИАлматыда ер адам үйінің құрылыс жұмыстары кезінде жамбас сүйегін сындырып, несеп жолын үзіп алды. №7 қалалық клиникалық аурухананың дәрігерлері оған жыныс мүшесінің протезін салып берді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Алматыда №7 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері ауыр жамбас және несеп-жыныс жүйесін жарақаттап алған. Науқастың жасы 40-та.

“Мұндай жарақаттар урология мен травматологиядағы ең күрделі жағдайлардың қатарына жатады және өлімге әкелуі мүмкін. Науқас аман қалған жағдайда мұндай жарақаттар әдетте зәр шығарудың ауыр бұзылыстарына, мүгедектікке және ағзаның маңызды функцияларының жоғалуына әкеліп жатады”, – деп мәлімдеді Алматы қаласының денсаулық сақтау департаменті.

№7 қалалық клиникалық аурухананың директоры, PhD доктор Нурдос Кадырбековтің айтуынша, бұл клиникалық жағдай заманауи урология мен реконструктивті ортопедияның мүмкіндіктерін көрсетеді.

"Мұндай жарақаттар клиникалық тәжірибеде ең ауыр әрі сирек кездесетін жағдайлардың бірі саналады. Мамандарымыздың кәсіби біліктілігі мен заманауи технологияларды қолданудың арқасында біз науқастың өмірін сақтап қана қоймай, жоғалған функцияларын қалпына келтіріп, оның толыққанды өмір сапасына қайта оралуына мүмкіндік бердік", — деп атап өтті Нурдос Кадырбеков.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.