Елімізге қаңтарда "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы әкелінеді

275

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова "Спутник Лайт" вакцинасын жеткізу бойынша келіссөз туралы айтты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.


"Жеткізушілермен келіссөздер күнделікті жүреді. "Спутник Лайт" бойынша келіссөз аяқталды", - деді Айжан Есмағамбетова. 

Оның сөзінше, 2022 жылдың 1 тоқсанында 1 миллион доза жеткізілуі керекң. Оның 150 мың дозасы қаңтар айының басында әкелінеді. 

Елімізде 9,2 миллион адам қайта вакциналаудан өтуі керек. Оның 400 мыңы вакцинаның үшінші дозасын алған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.