Еліміздің қанша өңірі "қызыл" аймақта тұр

325

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпиФото: pixabay.comдемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.

2021 жылғы 11 мамырдағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары "қызыл" аймақта тұр. 

"Сары" аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстары орналасқан.

 Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта. 

Естеріңізге сала кетейік, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 1766 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласы мен Қарағанды облысынан. 

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 346 497-ге жетіп отыр. 

Сонымен қатар, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті. 
"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.