Ғалымдар COVID-19-дан кейінгі есте сақтау проблемасының себебін анықтады

2 221

Фото: t.me/Fargona24/66123Калифорния университетінің ғалымдары  SARS-CoV-2 вирусы миға тез еніп, Альцгеймер сияқты аурулар тудыратынын анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Genomic Press (GenPress) журналында жарияланған зерттеу коронавирустың салдарын көрсетті.

"Тәжірибе барысында COVID-19-дан мерт болған науқастардың көз тор қабығының тіндері мен діңгекті жасушалардан өсірілген зертханалық көз торының органоидтары зерттелді. Зерттеуде вирустың жасушаларға енуі үшін пайдаланатын екі ақуызға – нейропилин-1 (NRP1) және ACE2 ақуыздарына ерекше назар аударылды", – делінген зерттеуде.

Талдау нәтижелері NRP1 ақуызының бұрын COVID-19-бен ауырған науқастардың нейрондары мен глиалды жасушаларында белсенді түрде кездесетінін көрсетті. Бұл вирус миға, соның ішінде көз арқылы да ене алады. Сонымен қатар COVID-19-ға дейін деменция белгілері болмаған адамдардың миынан аурудан кейін нейродегенеративті өзгерістермен байланысты бета-амилоид ақуызының шөгіп қалуы анықталған.

"Зерттеу барысында NRP1 ақуызының жұмысын бөгейтін препарат қосылғанда, тіндердегі бета-амилоидтың концентрациясы өспейтіні байқалды. Ғалымдардың айтуынша, бұл жаңалық COVID-19-бен ауырған кейбір адамдарда кездесетін “мидың тұмандануы” және басқа да неврологиялық салдарлардың алдын алуға көмектесетін жаңа емдеу тәсілдерін жасауға жол ашады", – деді ғалымдар.