"Омикрон" белгілері пайда болса не істеу керек

478
"Омикрон" штамынан туындаған коронавирус инфекциясының алғашқы белгілері байқалған сәттен бастап антибиотик қолданбау қажет. Мұндай пікірді РИА Новостиге дәрігер Андрей Тяжельников айтты.

"Негізгі белгілері – бұлшықеттің ауруы, әлсіздік пен шаршау, жоғары температура, құрғақ жөтел, тамақ ауруы, бас ауруы, мұрыннан су ағу. Бұл жаңа штамм әдеттегі ЖРВИ сияқты көрінеді деп айтуға болады", - деді Тяжельников.

Ең алдымен ауру белгілері бар адам өзін оқшаулап, үйден шықпауы қажет. Ал емдеуді әдетте үйде болатын дәрілерден бастау қажет, мұндай дәрілер рецепсіз сатылады.

Дәрігердің айтуынша, температураны түсіретін дәріні тек дене қызуы 38 градустан асқан жағдайда ғана ішу қажет.

Сондай-ақ тамақты, мұрынды тұзды ерітіндімен шаю қажет.

"Ешқандай жағдайда дәрігер нұсқауынсыз антибиотик ішуге болмайды. Олардың вирусқа қарсы әсері жоқ, алайда ағзаға айтарлықтай жүктеме түсіреді. Антибиотик орнына Ресейдің денсаулық министрлігі вирусқа қарсы "Умифеновир" ("Арбидол", "Арпефлю" және т.б.) және "Интерферон-альфа" ("Гриппферон", "Назоферон") препараттарын ұсынады", - деді ол.

Бұл коронавирус инфекциясы жеңіл өтіп жатқан адамдарға ұсынылған. Тамақ ауруынан соруға арналған дәрілер мен тамақты шаюға арналған спрейлер көмектеседі. Сондай-ақ дәрігер көп сұйықтық ішуге кеңес берді. Ал мәзірден майлы және тұздалған тағамдарды алып тастау керек.

Бұл уақытта лимон мен басқа да С дәруменіне бай жемістерге ауысқан дұрыс. Тағы бір ұсыныс: науқас тұрған бөлмені желдетіп, тазалап тұру қажет.