Маман қара түсті масканың қауіпі жайлы айтты

400

Дәрігер Елена Морозова сәнді болғанымен, қара түсті масканың қауіпті болуы мүмкін екенін мәлімдеді -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі glavnoe.net сайтына сілтеме жасап. 

Елена Морозованың айтуынша, карантиннің ұзаруына байланысты ерекше маскалардың саны күн сайын көбейіп келеді. 

Маман қара түсті бояғыштың аллергенді екенін алға тартады. Әсіресе маска арзан синтетикадан жасалса. Мұның әсерінен дерматоз үлкен мәселе тудыруы мүмкін. 

Мақта-матадан тігіліп, сапалы бояғышпен боялса, мұндай масканы тағуға болады. Егер өнімнің қандай материалдан жасалғанын білмесеңіз, ақшыл түстегі матадан тігілгенін не болмаса қарапайым медициналық масканы таңдаған жөн.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.