Көлгінов астаналықтарға коронавирусқа байланысты үндеу жасады. кешегі

363

Фото: ДСМ баспасөзіЕлорда әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram-дағы парақшасында астаналықтарға үндеу жасады. Әкім Нұр-Сұлтанның әлі де "қызыл" аймақта екенін еске салып, қала тұрғындарын COVID-19-қа қарсы вакцина салдыруға шақырды. 

Көлгіновтің айтуынша, елордада тәулігіне 250-300 коронавирус инфекциясы анықталады. "Бір жағынан, бұл ПТР тестілерінің санын көбейту арқылы, екінші жағынан, оқшаулау мен санитарлық нормалардың бұзылуынан болып отыр. Ashyq жобасы арқылы карантин талаптарының өрескел бұзылғанын көріп отырмыз. Өзін-өзі оқшаулауы тиіс (байланыста болған, жұқтырған) азаматтар бар, бірақ олар адам көп жиналатын орындарға баруын тоқтатар емес. Осылайша, коронавирустың таралуына әсер етіп жатыр. Мұндай адамгершілікке жатпайтын бұзушылықтарды тоқтатып, жолын кесеміз!", – деп мәлімдеді әкім. Ол сонымен қатар коронавирус туралы статистикаға бей-жай қарамауға шақырды, өйткені "әрбір санның артында бір адамның өмірі, олардың отбасыларының тағдыры тұр". 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.