Қазақстанда коронавирус белгілері бар пневмониядан қанша адам көз жұмды

370

Фото: Денсаулық сақтау министрі18 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді.
 Оған қоса 50 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап барлығы 54153 адам коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырған, сонымен қатар 863 өлім жағдайы тіркеліп отыр. Ал жазылып шыққандардың саны 52833-ке жетті. 


Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазған едік. 


Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз. 


Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады. 


"Ішек инфекциясы фекальды – оральды жолмен, яғни адамнан адамға кір қолдан немесе жуылмаған жеміс-жидек, тамақ арқылы жұғады. Ал, коронавирус инфекциясының бірнеше таралу жолы бар. Атап айтар болсам, фекальды – оральды және тыныс алу жолдары арқылы. Аурудың алғашқы күні екеуінің белгілері ұқсас болуы мүмкін. Іштің өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбетің болмауы, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік. Коронавирус та дәл осылай басталады", - деп түсіндірді ол.