Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық инновациялармен танысты

2 936

Фото: akorda.kzПрезидент елордада медициналық мақсаттағы бұйымдар өндіретін кәсіпорындардың көрмесін аралап көрді,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысына Heart Center Foundation қоғамдық қорының өкілдері Қазақстандағы кардиохирургия мен трансплантологияны дамыту миссиясы туралы әңгімеледі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл мамыр айында ALEM инновациялық аппаратын шығаратын зауыт құрылысы басталғаны жөнінде ақпарат берілді.

Қазақстандық инженерлер мен UMC Жүрек орталығы дәрігерлерінің бірегей жұмысы заманауи трансплантологиядағы басты мәселе саналатын донорлық органды сақтау уақытының шектеулілігін шешуді көздейді.

Жүректің ишемиялық ауруларының түрлі формаларын емдеу ісіне Назарбаев университеті технопаркінің базасында іске асырылған жоба да өз үлесін қоспақ. "IHT Central Asia" ЖШС-і испаниялық Iberhospitex S.A компаниясының технологиясын әкеліп, интервенциалды кардиологияда қолданылатын коронарлық стент пен баллондық кататер өндірісін жолға қойды.