Жаңа аурухана ашылды

2 702

Фото: Pixabay.comМаңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 150 орындық жаңа орталық аудандық аурухананың салтанатты ашылу рәсімі өтті,- деп хабарлайды "Opеnnews.kz" ақпарат агенттігі.

Шараға ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, сондай-ақ Мәжіліс депутаттары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген аурухана аудан халқына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Бұл жоба өңірдің денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып отыр.

Аурухана Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту және кеңейту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында салынды. 200 мыңға жуық халқы бар  аудан тұрғындарының сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет алуына мүмкіндік беретін ауруханада жаңа стационар терапия, хирургия, педиатрия, босану, анестезиология және реанимация, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалту бөлімшелері бар. Сонымен қатар инфекциялық науқастарды оқшаулап емдеуге арналған боксталған палаталармен жабдықталған жұқпалы аурулар бөлімі де қарастырылған. Жалпы көлемі 30 мың шаршыметр болатын заманауи аурухана қажетті медициналық жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген. Мұнда 250-ден аса қызметкер жұмыспен қамтылмақ.