Вакцинация науқаны өз ретімен жалғасуда ма?
145
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакцинация науқаны әлі де өзектілігін жоймаған, сондықтанда Ashyq жүйесі әрі қарай жетілдірілуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Себебі ірі бизнес өкілдерімен кездесуде Президент Тоқаев коронавирустың омикрон-штамы "жалпыға ортақ құбылысқа" айналғанын және онымен халықтың басым көпшілігі ауыруы мүмкін екенін айта келе, сол үшін енді шағын және орта бизнесті, әсіресе қызмет көрсету секторын қатаң карантиндік шаралармен "тұншықтырмауды" жүктеді.
Осыдан кейін-ақ Үкімет бизнеске қатысты карантиндік құрсауларын қайта қарап, босаңсытты. Ал былтырғы жыл соңында халықты жаппай вакцинациялауға мәжбүрлеу мақсатында егілмегендерге қысымды ары қарай өрістетіп, жаңа шектеу түрлерін енгізу ұсынысымен Үкіметке шыққан Денсаулық сақтау министрлігі кенеттен жұмсарып шыға келді.
Осылайша, бүгінде Ashyq жүйесінде "көк", яғни вакцина салғызбаған, бірақ ауырмайтын адамдар үшін барлық дерлік жерде жол ашылды. Еліміздің бас мемлекеттік санитары Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, бейтарап статусы барлар үшін біраз шектеулер жойылды. Олар енді кез келген сауда, ойын-сауық орталықтарына, көрмелерге, караокелерге, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге және басқаларына еркін барып жатыр. "Сары" аймақтағы өңірлерде барлық қызмет түрлері бойынша "көктерге" қатысты шектеулер алып тасталды.
Осыдан соң біраз қазақстандық ешқандай вакцинамен егілмесе де, Ashyq жүйесінде "вакцинацияланған" деп жазылып тұрғанын ашық мойындап, жауапты органдарға хат жаза бастады.
Қарағандылық Қанат Қ.-ға вакцинацияланғаны жөнінде алғашқы хабарлама қыркүйекте келіпті.
Жалпы осыған ұқсас шағым-өтініштер аз емес. Денсаулық Сақтау Министрі әрбір жағдай бойынша жеке талдап жатыр.
Бұл ретте ол азаматтардың біразы бұған дейін сол туралы тіс жармаған, тіпті жалған "жасыл" мәртебесін пайдаланған. Ендеше неге қазір шындықты айта бастады? Бір жағынан, ар-ұят итермелесе керек. "Жасыл" мәртебеге қатысты талап босаңсығаннан кейін шындыққа жүгіну де жеңіл.
Сондай-ақ кейбіреулеріне басқа бір жағдай түрткі болғаны әшкереленуде. Бірқатар адам "Комирнати" (Pfizer) вакцинасын ала алатындар санатына кірген. Таяуда бас санитар өз қаулысымен америкалық вакцина егілетіндер санатын кеңейткені мәлім.
Бұған қоса, азаматтар Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мақұлдаған қытайлық вакциналарды алғысы келеді. Шетелге шығу үшін Файзер сыртында солар ғана жарамды. Алайда "жалған" егілгендердің көбісінің ВП-сында "Спутник V" көрсетіліпті. Ресейдің вакцинасын Батыс және әлемнің көптеген елі мойындамайды. Тиісінше, америкалық не қытайлық екпелерді еккізу үшін вакцинациялау паспортынан "Спутник V" туралы жазбаны өшірту қажет. Әйтпесе, тек ревакцинациялануға ғана рұқсат етіледі. Ал шет мемлекеттер, мысалы, Америка өзі мойындаған вакцинаның қос компоненті болғанын талап етеді.
Әрине, егер емхана немесе егу пунктінің вакцинациялауды жалған жүргізгені дәлелденсе, солар жауапқа тартылады, ал азаматтар жазаланбайды, айып толығымен ВП-ға жазба түсіргендерге артылады.
Екпе еккізу маңызды
Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау үрдісі өз ретімен жалғасып жатқанын және бұл істің өте маңызды екенін ескертеді.
Осының алдында, "қасіретті қаңтар" оқиғаларынан кейін Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Президент Қ. Тоқаев та вакцинация – жаңа Үкіметтің басты бір міндеті болатынын баса айтқан. Әлемде және Қазақстанда коронавирустың жаңа толқыны күшейгенін еске салған Мемлекет басшысы: "Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды, коронавируспен күрес жалғасуға тиіс", – деді.
Дегенмен тіпті егілгендердің өзінде бірқатар жаңа сұрақтар тууда.
Оксана Медведева да осындай жағдайға тап болған, ол былтырғы 31 мамырда коронавирусқа қарсы екпенің екінші дозасын салғызғанда, "жасыл" мәртебесі ВП-да 2022 жылғы 31 мамырға дейін деп көрсетіліпті.
Билік не дейді?
Денсаулық сақтау министрлігі "Ashyq" қосымшасындағы мәртебенің қолданыс мерзіміне қатысты түсініктеме берді.
Ведомствоның мәліметінше, Ashyq жүйесі ары қарай пысықталып, жетілдіріліп жатыр. Мысалы, қазіргі кезде оған нақты бір дерттеріне байланысты вакцина салғыза алмайтын, екпе еккізуге қарсы көрсетілімдері бар адамдарға да "жасыл" мәртебе беру, олардың анықтамаларын жүйеге енгізу жұмыстары жалғасуда екен.
Жанат Ардақ
2022 жылғы 26.07 мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 10 777 692 адам вакцина салдырды, II компонентпен 10 506 711 адам. Ревакцинацияланды – 4 977 049 адам.
Сонымен бірге Үкімет алдына ВАК қойған міндет – ұжымдық иммунитет қалыптастыру үшін 2021 жыл аяқталғанға дейін 11 млн адамға екпе еккізу жоспары сол бойы орындалмады.Бірақ мұның бәрі енді аса маңызды емес секілді.Себебі ірі бизнес өкілдерімен кездесуде Президент Тоқаев коронавирустың омикрон-штамы "жалпыға ортақ құбылысқа" айналғанын және онымен халықтың басым көпшілігі ауыруы мүмкін екенін айта келе, сол үшін енді шағын және орта бизнесті, әсіресе қызмет көрсету секторын қатаң карантиндік шаралармен "тұншықтырмауды" жүктеді.
Осыдан кейін-ақ Үкімет бизнеске қатысты карантиндік құрсауларын қайта қарап, босаңсытты. Ал былтырғы жыл соңында халықты жаппай вакцинациялауға мәжбүрлеу мақсатында егілмегендерге қысымды ары қарай өрістетіп, жаңа шектеу түрлерін енгізу ұсынысымен Үкіметке шыққан Денсаулық сақтау министрлігі кенеттен жұмсарып шыға келді.
Осылайша, бүгінде Ashyq жүйесінде "көк", яғни вакцина салғызбаған, бірақ ауырмайтын адамдар үшін барлық дерлік жерде жол ашылды. Еліміздің бас мемлекеттік санитары Айжан Есмағамбетованың жаңа қаулысына сәйкес, бейтарап статусы барлар үшін біраз шектеулер жойылды. Олар енді кез келген сауда, ойын-сауық орталықтарына, көрмелерге, караокелерге, түнгі клубтарға, спорт кешендеріне, бассейндерге және басқаларына еркін барып жатыр. "Сары" аймақтағы өңірлерде барлық қызмет түрлері бойынша "көктерге" қатысты шектеулер алып тасталды.
Осыдан соң біраз қазақстандық ешқандай вакцинамен егілмесе де, Ashyq жүйесінде "вакцинацияланған" деп жазылып тұрғанын ашық мойындап, жауапты органдарға хат жаза бастады.
"Маған 21 ақпанда, кешкі 7-де 1414 нөмірінен вакцинацияланғаным туралы смс-хабарлама келді. Оған сенсек, мен Өскемен қаласындағы №1 емханада екпе салғызыппын. Шын мәнінде, вакцина еккізген жоқпын! Содан емханаға телефон соқтым, ешкім көтермейді. 1414-ке қоңыраулаттым, 1430-ға шығыңыз дейді. Оған телефон шалсам, ар жағындағы адам дөрекі сөйлеп, тілдесуді үзе салды. Жергілікті өңірлерде бұл саланы былық жайлаған. Ол былық өңірлерден бүкіл елге тарайды. Мені егілмесем де егілді деп жаза салады, ал ол үшін ешкім жаза тартпайды", – дейді Жанар Секербаева.
Қарағандылық Қанат Қ.-ға вакцинацияланғаны жөнінде алғашқы хабарлама қыркүйекте келіпті.
"Басшылық талап еткен, бірақ өзім қарсы едім. Содан қандай емханадан жалған вакцинация паспортын рәсімдеп алуға болады деп сұрастырып жүргенмін. Іздегенім алдымнан табыла кетті. Бәлкім, біреудікін шатасып маған жазып жіберді ме? Әлде, ақ халаттылар жоспарды орындау үшін осыған барды ма? Оны зерттеп жататын детектив емеспін ғой", – дейді ол.
Жалпы осыған ұқсас шағым-өтініштер аз емес. Денсаулық Сақтау Министрі әрбір жағдай бойынша жеке талдап жатыр.
Бұл ретте ол азаматтардың біразы бұған дейін сол туралы тіс жармаған, тіпті жалған "жасыл" мәртебесін пайдаланған. Ендеше неге қазір шындықты айта бастады? Бір жағынан, ар-ұят итермелесе керек. "Жасыл" мәртебеге қатысты талап босаңсығаннан кейін шындыққа жүгіну де жеңіл.
Сондай-ақ кейбіреулеріне басқа бір жағдай түрткі болғаны әшкереленуде. Бірқатар адам "Комирнати" (Pfizer) вакцинасын ала алатындар санатына кірген. Таяуда бас санитар өз қаулысымен америкалық вакцина егілетіндер санатын кеңейткені мәлім.
Бұған қоса, азаматтар Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы мақұлдаған қытайлық вакциналарды алғысы келеді. Шетелге шығу үшін Файзер сыртында солар ғана жарамды. Алайда "жалған" егілгендердің көбісінің ВП-сында "Спутник V" көрсетіліпті. Ресейдің вакцинасын Батыс және әлемнің көптеген елі мойындамайды. Тиісінше, америкалық не қытайлық екпелерді еккізу үшін вакцинациялау паспортынан "Спутник V" туралы жазбаны өшірту қажет. Әйтпесе, тек ревакцинациялануға ғана рұқсат етіледі. Ал шет мемлекеттер, мысалы, Америка өзі мойындаған вакцинаның қос компоненті болғанын талап етеді.
Әрине, егер емхана немесе егу пунктінің вакцинациялауды жалған жүргізгені дәлелденсе, солар жауапқа тартылады, ал азаматтар жазаланбайды, айып толығымен ВП-ға жазба түсіргендерге артылады.
Екпе еккізу маңызды
Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау үрдісі өз ретімен жалғасып жатқанын және бұл істің өте маңызды екенін ескертеді.
Осының алдында, "қасіретті қаңтар" оқиғаларынан кейін Мәжілістің жалпы отырысында сөз сөйлеген Президент Қ. Тоқаев та вакцинация – жаңа Үкіметтің басты бір міндеті болатынын баса айтқан. Әлемде және Қазақстанда коронавирустың жаңа толқыны күшейгенін еске салған Мемлекет басшысы: "Сондықтан арқаны кеңге салуға болмайды, коронавируспен күрес жалғасуға тиіс", – деді.
Дегенмен тіпті егілгендердің өзінде бірқатар жаңа сұрақтар тууда.
"Мен 2021 жылғы мамырда бірінші рет вакцина алдым, "жасыл" мәртебем 2022 жылғы мамырға дейін белгіленген. 2021 жылғы желтоқсанда коронавируспен ауырдым, "жасыл" статусым 2022 жылғы наурызға дейін шегеріліп, екі айға кеміді. Екпе еккізгеннен кейін 2 ай ішінде сырқаттанып қалған әріптестерім бар, олардың да мәртебесінің мерзімі "кері шегеріліпті". Енді келесі вакцинаны алсам, мәртебемнің мерзімі қалай болады?", – деп алаңдайды Евгений Паль.
Оксана Медведева да осындай жағдайға тап болған, ол былтырғы 31 мамырда коронавирусқа қарсы екпенің екінші дозасын салғызғанда, "жасыл" мәртебесі ВП-да 2022 жылғы 31 мамырға дейін деп көрсетіліпті.
"2022 жылғы 27 қаңтарда ревакцинациялаудан өттім. Алайда паспортта қауіпсіз статусымның мерзімі сол бойы өзгеріссіз қалды (2022 жылғы 31 мамырға дейін). Сонда ревакцинация "жасыл" мәртебемді әрі қарай ұзартпайтын болғаны ма? Әлде бұл "Ашықтағы" кезекті былық па?", – деп мазасызданады ол.
Билік не дейді?
Денсаулық сақтау министрлігі "Ashyq" қосымшасындағы мәртебенің қолданыс мерзіміне қатысты түсініктеме берді.
"Айталық, "Вакцинация" модуліндегі мәлімет бойынша азамат ІІ-кезеңмен 2021 жылғы мамырда вакцинацияланды делік. Кейін 2022 жылғы қаңтарда ревакцинациялаудан өткен. Осылайша, ол кісінің электронды вакцинациялау паспорты қалыптасты. Бұл ретте ол азаматтың Ashyq қосымшасында көрсетілген "жасыл" мәртебесінің қолданыс мерзімі ІІ-кезеңдегі вакцинациялау датасына орай көрсетіледі. Сол мерзім, яғни 2022 жылғы қаңтарға дейінгі мерзім аяқталған соң, "жасыл" статус ревакцинациялау датасына сәйкес автоматты түрде келесі мерзімге ұзартылады. Мына жағдайда, 2023 жылғы қаңтарға дейін ұзаратын болады", – деп мысал келтірді Денсаулық сақтау министрлігі.