Тұмауға қарсы 2,3 млн доза вакцина сатып алынды

2 320

Фото :9emhana.kzҚазақстанда тұмауға қарсы екпе 15 қыркүйекте басталады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазір ол үшін 2,3 млн доза вакцина сатып алынды. Ресейде өндірілген екпенің алғашқы партиясы елге жеткізілген. Вакциналау медициналық мекемелер жанындағы арнайы кабинеттерде және көшпелі бригадалар көмегімен жүргізіледі. Медицина, әлеуметтік мекеме қызметкерлері мен мүгедек жандар жоспарлы түрде егіледі. Сол секілді денсаулық жағдайы бойынша есепте тұрған және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар вакцинамен қамтылады. Қалған азаматтар екпені қалауы бойынша ақылы негізде алады.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.