Отбасы діни сенімі үшін өлім аузындағы қызына қан құюға рұқсат бермеген
Қарағандыда Иегова куәгерлері дәрігерлерге ауыр жағдайда жатқан қызға қан құюға рұқсат бермеген,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Қарағанды облысы Бұқар Жырау ауданы Үштөбе ауылының маңында болған жол апаты болып, 25 жастағы қыздың омыртқасы екі жерден сынған. Оның омыртқасына шұғыл ота жасау үшін қан құю қажет. Алайда оның туыстары діни сенімдеріне байланысты рұқсат бермеді.
Айтуынша, бұл нәрседен С гепатиті мен ЖИТС-ті жұқтыру қаупі бар. Ол гемоглобин деңгейі табиғи жолмен қажетті көрсеткіштерге көтеріле алатынын айтады.
Еске сала кетейік, Көкшетауда ата-анасы қан құюдан бас тартып, екі жасар қыздың мерт болғаны айтылды.