Елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді

690
Президенттің бастамасымен қолға алынған «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында тұңғыш нәресте дүниеге келді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

ЭКО жасатуға арналған «Аңсаған сәби» бағдарламасы аясында қазан айының 15-і күні алғашқы нәрестенің кіндігі кесілді.

Бұл жайында  Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook желісіндегі жеке парақшасында жазды.

Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының мәліметінше, елімізде ЭКО арқасында дүниеге келген балалардың саны 25 мыңға жетті. Талғар ауданы Талдыбұлақ ауылында тұратын Дана репродуктивті медицина институтына жүгінген кезде 9 жылдан бері бала көтере алмай жүргенін айтқан. Ол «Жас-Ай» медицина орталығында аға медбике болып жұмыс істейді. Ал күйеуі Қуандықтың мамандығы - электрик. Олар материалдық жағдайға байланысты ЭКО жасата алмай келген», - деді Цой.

Алғашқы ЭКО-дан кейін-ақ  жүкті болған Дана, №3 қалалық перзентханада салмағы 3156 келі, бойы 52 сантиметр Арман есімді дені сау ұлды дүниеге әкелді.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.