Қызылордада 62 сотталған вакцинаның 4 компонентін алды
Қызылорда облысының түзеу мекемелерінде екпе салудың төртінші кезеңі жүргізілуде. Екпе салудың алғашқы күнінде ЗК-169/4 мекемесінде 62 сотталған адам вакцинаның төртінші компонентін алды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
- Алдымен №3 емхана дәрігер мамандары сотталғандарға егу препараты туралы ақпараттық түсіндірме жұмысын жүргізіп, денсаулығын тексерген соң, сотталған сауалнама толтыру арқылы өздерінің екпеге келісетіндігін білдірді.
Алғашқылардың бірі болып вакцинаның төртінші компонентін ЗК-169/4 мекемесінде жазасын өтеп жатқан Болат есімді сотталған алды. Ол өзінің осы мекемеде жазасын өтеп жүріп вакцинацияның үш компонентін алғанын , бүгін төртіншісін алып тұрғанын айтты.
ҚАЖ департаментінің сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының санитар дәрігері Шаймбетова Меруерттің айтуынша, COVID-19-ға қарсы вакцина облыстағы түзеу мекемелеріндегі сотталғандардың келісімімен салынады. Мекемеге сот үкімімен жаза өтеуге жіберілген сотталғандардың арасында екпенің бірінші компонетін алып жатқандар да бар. Үшінші екпені салдырған соң 6 ай өткен сотталғандар төртінші компонентін салдыртып жатыр. Қазіргі кезде, коронавирустық инфекциясының тіркелуі бойынша Қызылорда облысы жасыл аймақта тұр. Дегенмен, сотталғандар тарапынан екпені қарсылықсыз салдыртып, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарайтындар қатары көптігі қуантады.
Дана Достанова
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД