Дәрігерлер 4 жасар қыздың оқшауланған трахеоөңеш жыланкөзін жойды
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының дәрігерлері 4 жасар қыздың оқшауланған трахеоөңеш жыланкөзін жойды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Баланың ата-анасының айтуы бойынша туған кезінен бастап су мен сұйық тағамды ішу кезінде пневмонияның жиі кездесетін құбылыстары туындағанын байқаған.
Трахеоөңеш ОҚК-да тек осы жылы КТ кезінде анықталды. ПБХО дәрігерлерінің консультациясынан кейін бала әрі қарай зерттеп– қарау және емдеу тәсілін шешу үшін шұғыл түрде Орталыққа жіберілді. Трахеоөңеш жыланкөзі (трахеоэзофагеалдық фистула) – трахея мен өңештің арасындағы қалыптан тыс байланысты қолдайтын туа біткен кемістік. Туа біткен трахеоөңеш жыланкөзі эмбриогенездің 4-6 аптасында бастапқы ішек пен тыныс алу түтігінің толық бөлінбеуінде пайда болады. Туа біткен трахеоөңеш жыланкөзі 3000 жаңа туған нәрестенің 1-інде анықталады. Оқшауланған фистулалар өңештің дамуындағы барлық кемістіктердің 3-4%-нан аспайды.
Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығына түскеннен кейін кешенді зерттеулер жүргізілді: өңештің рентгендік контрастты зерттеуі, бейнеэзофагастроскопия, фибробронхоскопия, олардың деректері бойынша туа біткен трахеоөңеш жыланкөзі диагноз расталды.
Операция алдындағы дайындықтан кейін - мойын медиастенотомиясы, трахеоөңеш жыланкөзін жою операциясы жасалды. Операция барлығы бір сағаттан астам уақытқа созылды. Операцияны ПБХО білікті дәрігерлері, өз ісінің тәжірибелі мамандары жүргізді: хирургиялық блоктың басшысы, м.ғ. к. Хаиров Константин Эдуардович, хирург,. № 1 хирургия бөлімшесінің меңгерушісі, Қалабаева Мөлдір Махсутханқызы, дәрігер-эндоскопист, хирург Шиланбаев Нышанбек Ратбекұлы.