Ақтауда тоқ соққан адамға келмеген жедел жәрдемді куәгер бекетке жаяу жүгіріп барып шақырған

304

Фото: Денсаулық сақтау министріАқтау қаласының маңында төтенше жағдай орын алды. Оқиғаның куәгері түсірген видео Facebook-тегі Елден хабар парақшасында пайда болды.
 

Ер адам электр өткізгіш желісінің мұнарасында жұмыс істеп тұрған. Кенет өткізгіш сым үзіліп кетеді. Ер адамды ток соғып, жерге құлайды.
Оқиға куәгерлері бірден жедел жәрдем шақырған. Шамамен бір шақырым жерде орналасқан оқиға орнына шақырту алған жедел жәрдем бригадасы асықпапты. 

Видеоны түсірген ер адамның ентіккен дауысынан бекеттің жақын маңда орналаспағанын аңғаруға болады. Оның сөзінше, жедел жәрдемді оқиға орнына шақыру үшін, 10 минутта жаяу жүгіріп келуге мәжбүр болған. 

Кезекші бөлімді іздеген ер адам бірден бекеттің ішіне жүгіріп кірген.

 "10 минут болды ғой қоңырау шалып жатқанымызға, адам өліп жатыр ана жақта, қане, тездетіңдер, әлі жүрсіңдер ме? Адамды ток ұрып жатыр, жоғарыдан құлап түсті. 10 минутта жүгіріп келдім. Жұмыстарың осы ма сендердің?", - дейді ол. 

Жедел жәрдем қызметкерлері ентіккен жігітті өздерімен бірге көлік салонына алмай қояды. Жедел жәрдем көлігін шақырушы жігіт қайтадан ток соққан ер адамның жанына жаяу жүгіріп жетті. Ол өзі барғанда медицина қызметкерлерінің шай ішіп отырғанын айтты.

 Lada.kz басылымының жазуынша, оқиғаның куәсі болған жергілікті тұрғынның есімі - Әділ Түркменбаев. Ол төтенше жағдайдың 28 сәуірде сағат 16.00 шамасында Мұнайлы ауданында орын алғанын айтады. 

"Медиктер келмеген соң, мен бекетке өзім жүгіріп бардым. Ішке кірсем, медқызметкерлер жайбарақат шай ішіп отыр екен, бізге тез жетудің орнына. Асықпай жиналып шықты. Шақыртуды кім қабылдады, диспетчердің аты-жөні, дәрігерлердің өз жұмысына бей-жай қарауына кім жауап береді? - деп қынжылыс білдірді Әділ. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.