Түркияға көмекке 9 білікті дәрігер аттанды

370
Бір топ дәрігер Түркияға шұғыл көмекке аттанды,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

Бауырлас елде 9 дәрігер медициналық көмек көрсететін болады. Түркістан облыстық клиникалық аурухананың білікті дәрігерлерінің қатарында терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, проктолог, хирург, невролог мамандары бар. Олардың барлығы түрік тілін еркін меңгерген. Тәжірибелі мамандардың еңбек өтілі – 3 жылдан 26 жылға дейін.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырған болатын. Осы тапсырмаға сәйкес, еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасы құрылған болатын.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.