Ауруханада пациенттерге ота кезінде мерзімі өтіп кеткен наркоз салынған

2 559

zlmed.ruМақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде көптеген заңбұзушылықты анықтады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Тексеру барысында дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, құрамында есірткі бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы секілді фактілер әшкере болды.


Сонымен қатар ота жасау кезінде науқастарға мерзімі өтіп кеткен «Кетам» анестезия (наркоз) препараттарын қолдану фактілері орын алған.


Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде медициналық мекеменің 12 қызметкері тәртіптік жазаға тартылып, 12 тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы бойынша 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.