Елордада вакцина салатын пунктілер нешеге дейін жұмыс істейді

375
Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов онлайн режимде медицина мекемелерінің бас дәрігерлерімен кездесу өткізіп, қазіргі жағдайды талқылады. Әкім елордада вакцина салатын пунктілер нешеге дейін жұмыс істейтінін айтып берді.

"Әлемдік пандемия адамдарды екі сценарийдің алдына қояды: біріншісі – вакцина егіп, өзін және айналасындағыларды қорғау, екіншісі – індетке шалдығу. Екінші нұсқаға келетін болсақ, адам өзінің денсаулығына қауіпті әрі иммунитетті әлсірететін коронавирус инфекциясын жеңе алатынын алдын ала біле алмайды. Жағдайға немқұрайлықпен қарап, вакцинацияны елемей, айналадағы адамдарға вирус жұқтыруы мүмкін. Ал бұл инфекцияның хаотикалық таралуына мүмкіндік береді. Медицина қызметкерлері вакцинацияны 1 ақпаннан бастады. Бірінші кезеңде екпе індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне, мұғалімдерге, тәртіп сақшыларына және басқаларға егілді. 20 мыңнан астам адам қамтылды", - деп жазды әкім Instagram парақшасында. 

Көлгіновтің айтуынша, екінші кезеңде тұрғындарды вакциналау жоспарлануда. 6 сәуір күні қала тұрғындары арасында екпе алуға алдын ала жазылу басталды. Бұл адамдардың бір мезгілде жиналуын болдырмауға, вакциналарды медициналық мекемелерге біркелкі таратуға мүмкіндік береді.

"Біріншіден, тұрғындарды жаппай вакциналау медицина қызметкерлерінен кәсібилікті, жауапкершілікті талап етеді. Дәрігерлерге тағы бір мәрте нұсқау берілді. Олар вакцинаны екпей тұрып науқастың денсаулығын тексеруі керек. Екіншіден, медициналық мекемелерге қосымша жабдықтар орнатылды: 40-тан астам тоңазытқыш қондырғылары, вакциналарды тасымалдауға арналған 80-нен астам термоконтейнер және басқа. Егу пунктілерінің саны 36-дан 100-ге дейін өсті. Вакцинация пунктілерінің жұмыс уақыты сағат 8:00-ден 00:00-ге дейін ұзартылды. Үшіншіден, "Mega Silk Way" сияқты бірқатар СОО-да вакцинация пунктін ашу үшін инфрақұрылым дайындап жатырмыз. Тіркеу, күту, тексеру және басқа да ймақтар болады", - дейді Алтай Көлгінов.