Дәрігер қауіпсіздігі күшейтіледі

2 786

Фото: Pixabay.comДенсаулық сақтау және Ішкі істер министрліктері медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған бірлескен тұжырымдама әзірлеуде ,- деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, медицина мекемесінің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін көмектің түрі мен деңгейіне, сондай-ақ пациенттер легінің тығыздығына байланысты белгіленеді. 

"Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер — біз үшін қымбат. Біз — бір командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі қажет",- деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында.




OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.