Атырауда көпбалалы ана екінші рет егіз босанды

350

Фото: pixabay.comАтырауда көпбалалы ана екінші рет егізді дүниеге әкелді.

перинаталдық орталықта екінші рет егіз босанған көпбалалы ана Мөлдір Мәжитованың жасы – 36-да. 
Күйеуі Рашид Дайыровпен бірге егізден бөлек тағы төрт баланы тәрбиелеп отыр. 

"Ең үлкеніміз Нұрислам – 13 жаста, егізіміз Нұрсезім мен Гүлсезім – 11 жаста. Одан кейін Әділхан дүниеге келді.

Биыл ол 1 жасқа толды. Ал егіз сәбиге Көркемай мен Еркемай деген есім бердік", - дейді көп балалы ана. 
Медицина қызметкерлерінің сөзінше, нәрестелердің салмағы – 2 400 және 2 600 грамм. 

"Күйеуімнің үлкен әжесінде егіздер болған. Алайда барлығы шетінеп кеткен. Емшілікпен айналысқан әжеміз ұрпағында егіздер өмірге келеді деп болжаған", - дейді Мөлдір Мажитова. 

Көп балалы ана 11 жыл бұрын құрсағында шарана егіз екенін білгенде, аздап қобалжығанын атап өтті.

"Енді екінші рет егіз өмірге келетіні туралы естігенде қуанышымызда шек болмады. Ең бастысы,
балаларымыздың барлығы аман-сау өсіп жатыр. Үлкені домбырада ойнайды. Қазақтың әндерін шырқайды. Облыстық және республикалық ән байқауларының жеңімпазы атанды", - деп ағынан жарылды ол. 

Мөлдір Мәжитованың айтуынша, егіздің бәрі бір-біріне ұқсайды. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.