Жедел жәрдем автопаркі 48 жаңа көлікпен толықты

2 744

Фото: gov.kzАлматыда жедел жәрдем қызметі реанимация мен диагностикаға арналған заманауи құралдармен жабдықталған JAC Sunray маркалы 48 жаңа автокөлік алды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Оның 12-сі «С» класты және 36-сы «В» класты көлік.

Әкімдіктің қаржыландыруымен 2025 жылы тағы 50 машина сатып алу жоспарланып отыр.

Жедел жәрдем қызметінің 13 қосалқы станциясы бар, соның бірі 2024 жылы «Алтай-1» шағын ауданында ашылған жаңа станция.

Қазір Алматыда 186 бригада тәулік бойы кезекшілік етіп, күн сайын 3 мыңнан астам шақыртуға шығады. Жету уақыты орта есеппен – 12,6 минут. 2024 жылы 142 сәтті реанимация жасалды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.