Қазақстандық жасөспірімдерге "Спутник М" вакцинасы салынбақ

384
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдерге коронавирусқа қарсы Ресейлік "Спутник М" вакцинасын салуды мақұлдады, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Алдағы уақытта ресейлік "Спутник М" вакцинасы 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге салынады.
 
"Қазақстан "Спутник М" вакцинасын мақұлдаған алғашқы шетелдік мемлекет болды", – деді Ресей тура инвестициялар қорының баспасөз қызметіндегілер

Ресей тура инвестициялар қорында өзге елдердегі жасөспірімдерге салынған вакциналардың дозасы ересектердің вакцинасымен бірдей екенін мәлімдеді.

Ресей денсаулық сақтау министрлігі жасөспірімдердің "Гам-Ковид-Вак-М" вакцинасын ("Спутник М") 2021 жылдың 24 қарашасында тіркеген. 

"Спутник М" вакцинасы "Спутник V" негізінде жасалған және 30 жыл көлемінде сыналған аденовирус векторының платформасында жасалған. Басты айырмашылығы құрамындағы аденовирус векторының 5 есеге азайтылуында. 


Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі жаңа вакцинаға клиникалық зерттеулер жүргізіп, екпенің қауіпсіз екенін анықтаған.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.