10 жыл бойы асқынған ісік: Алматы дәрігерлерінің сәтті операциясы

2 534

Фото:© Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасыАлматыда тұратын қарт әйел 10 жыл бойы иек тұсындағы ісікпен өмір сүрген,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Mail.kz сайтына сілтеме жасап.

Уақыт өте келе ісік үлкейіп, қатты ауырсыну тудырған. Зейнеткер Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына мойын тұсындағы ірі түзіліс, тыныс алудың қиындауы, ұйқының бұзылуы және ауырсыну шағымдарымен түскен. Тексеруден кейін профессор Марат Искаковтың қатысуымен шұғыл операция жасау туралы шешім қабылданған.

"Жақ-бет хирургиясы бөлімінің дәрігерлері ісікті жақасты сілекей безімен бірге алып тастады. Операция күрделі болғанына қарамастан, асқынусыз өтті және өмірлік маңызды құрылымдар зақымданған жоқ. Отадан кейін науқастың жағдайы едәуір жақсарып, тыныс алуы қалпына келді",- деді дәрігерлер.

Мамандар мұндай белгілерді ұзақ уақыт елемеу ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін екенін ескертіп, бас пен мойын аймағында кез келген түзіліс пайда болған жағдайда дер кезінде дәрігерге қаралу қажет екенін айтқан.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.