Дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін
Қазақстанда дәрігерлерге қол жұмсағандар бірнеше жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев дәрігерлерді ұрып-соққандар 12 жылға дейін сотталуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Вице-министрдің сөзінше, ведомство заң жобасын күздің соңына дейін қабылданады деген болжам бар.
Ол атап өткендей, медицина қызметкерін ауыр жаралағандар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Қаз
Рус






