Қазақстандық 23 дәрігер Израиль, Латвия және Ресей клиникаларында біліктілік арттырмақ

445
Шығыс Қазақстан облысында осы жылы 23 дәрігер Израиль, Латвия және Ресей клиникаларында біліктілік арттырмақ, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Өскеменде әлемдік стандарттарға сәйкес келетін бірегей гематология орталығы салынып жатыр. Онда диагностикадан оңалтуға дейінгі медициналық қызметтердің толық спектрі жүргізіледі.

Бұдан бөлек, бүгінде Риддер қаласында 140 төсектік стационары бар және күніне 500 адамды қабылдайтын емхана құрылысы басталды. Ал Күршім ауданы Қалжыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория толықтай салынып бітті. Дәрігерлердің біліктілігін арттыруға да баса мән берілуде. 2022 жылы облыстың 36 медицина қызметкері онкогематология, гематология, анестезиологиялық-реаниматология, кардиология, акушерлік және гинекология бойынша Израиль, Ресей және Германияның жетекші клиникаларында оқып келді. Биыл 23 дәрігер Израиль, Латвия және Ресейдегі медициналық мекемелерде біліктілік арттырады, - дейді басқарма басшысының орынбасары Айнаш Қапанова.

Оның айтуынша, ауыл тұрғындарына уақтылы скринингтік зерттеулер жүргізу мақсатында 7 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған. Өткен жылы 195 ауылда 45,7 мың адам тексерілді.

Соңғы бір жылда облыс бойынша 305 медициналық жабдық сатып алынды. Оның ішінде 8 рентген аппараты, 2 флюорограф, 3 маммограф, оториноларингологиялық операцияларға арналған мобильді микроскоп, аудандық ауруханалар мен емханалардың перзентхана бөлімшелеріне арналған жабдықтар бар, - дейді А.Қапанова
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.