Вирусологтар павлодарлық отбасы жұқтырған белгісіз паразиттерді анықтай алмады
400
Ұлттық сараптама орталығының мамандары Ақтау шипажайында павлодарлық отбасы жұқтырған паразит түрін анықтай алмады. Бұл туралы Павлодарда өткен брифингте айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлердің айтуынша, Павлодар қаласының тұрғыны мен оның 13 жастағы мүгедек қызы белгісіз паразиттерді жұқтырған. Олар екі ай бойы тері астындағы жәндіктерден зардап шеккен.
Оның айтуынша, науқастар жұқпалы аурулар ауруханасында бір апта жатқан, енді шығуға дайындалып жатыр.
Бұл арада сарапшылар павлодарлық отбасы жұқтырған паразит түрін анықтай алмаған.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар тұрғындары көзге көрінбейтін паразит жұқтырғанын хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, адам терісінің астынан қанаттары бар көк жіп түріндегі жәндіктер шығады.
Дәрігерлердің айтуынша, Павлодар қаласының тұрғыны мен оның 13 жастағы мүгедек қызы белгісіз паразиттерді жұқтырған. Олар екі ай бойы тері астындағы жәндіктерден зардап шеккен.
"Анасы мен қызы терінің қышуына шағымданды. Суға түскен кезде жәндіктердің іздері көрінеді немесе қанаттары бар жәндіктер тері астынан шығады", - дейді Павлодар облыстық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы инфекциялық стационар директорының орынбасары Зере Садақова.
Оның айтуынша, науқастар жұқпалы аурулар ауруханасында бір апта жатқан, енді шығуға дайындалып жатыр.
"Әйелдің айтуынша, басында кене тәрізді жәндіктер тері астынан шығып тұрған, бірақ бүгінде мұндай паразиттер жоқ, тек орыны немесе қауызы қалған. Бүгін біз оларды ауруханадан шығарамыз", - дейді Садақова.
Бұл арада сарапшылар павлодарлық отбасы жұқтырған паразит түрін анықтай алмаған.
"Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар зертханасы паразит түрі анықталмағаны туралы хаттама шығарды. Бұрын Ұлттық сараптама орталығының аса қауіпті инфекциялар өңірлік бөлімшесі бұл паразиттер пухоедтер тобына жатады деген қорытынды берген", - деді Садақова.
Айта кетейік, бұған дейін Павлодар тұрғындары көзге көрінбейтін паразит жұқтырғанын хабарлаған болатын. Олардың айтуынша, адам терісінің астынан қанаттары бар көк жіп түріндегі жәндіктер шығады.