"Тәулігіне 40 мың адам індет жұқтыруы мүмкін"

445
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният омикрон штамының табылуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Министрлік омикрон штамының анықталуына және вирус жұқтырғандардың көбеюіне байланысты коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайға болжам жасады.
"Оптимистік сценарий кезінде ревакцинациямен 100% қамтылғанда және профилактика шараларын жаппай сақтағанда, тәулігіне 17 мыңнан астам жағдай тіркелуі мүмкін. Реалистік сценарийге сәйкес, ревакцинациямен 70%-ке дейін қамтылғанда, профилактика шараларын ішінара сақтағанда, тәулігіне 25,5 мың жағдайға дейін тіркеледі", – деді Ғиният үкімет отырысында.
Ал пессимистік сценарий кезінде – ревакциналаумен 40% қамтылғанда, профилактика шараларын сақтамаса, тәулігіне 40 мың адам індетке шалдығады деген болжам бар.
Осыған байланысты министр қазақстандықтарға халық көп жиналатын орындарға бармауға, ұжымдық шараларды өткізбеуге және оларға қатыспауға кеңес берді. Қоғамдық орындарда, көшеде маска тағу қажеттігін ескертті.
Сонымен қатар ол вакцина және ревакцина жасауға шақырды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.