"Өлген адамдарға тегін дәрі-дәрмек жазып берген": Министрлік ақпаратқа жауап берді

1 434

Әлеуметтік желілерде Олжас Әбішевтің (2017-2020 жылдары денсаулық сақтау вице-министрі болған - ред.) «қайтыс болған адамдарға рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі» деп айтқан сұхбаты тарады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі осы мәлімдемеге түсінік берді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі stopfake.kz ресурсына сілтеме жасап.


«Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді. Бүгінгі күні ТМККК және МӘМС шеңберінде халықты дәрілік заттармен тиімді және ашық қамтамасыз ету мақсатында медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің атынан ДҚАЖ-ға және медициналық ақпараттық жүйеге тұрақты мониторинг жасалады. Бұдан басқа, препараттарды беру рәсімі Әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры мен «СҚ-Фармация» ЖШС деңгейінде бақыланады. Бұрын қайтыс болған пациенттерге рецепт жазудың жекелеген жағдайлары болған. Анықталған фактілер бойынша егжей-тегжейлі талдау кезінде бұл жағдайлар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесіне деректерді уақтылы енгізбеудің салдарынан болғаны анықталды», - деп мәлімдеді министрлік.


Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта дәрі-дәрмек алу туралы растау коды бар СМС хабарлама көмегімен пациенттен растау алу бойынша сервисті жетілдіру жұмысы жүріп жатыр.


Денсаулық сақтау министрлігі басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп дәрілік заттарды цифрлық таңбалау мен қадағалауды енгізетін жобаны іске асырып жатыр.


Бұл жобаның нәтижесі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді толық цифрландыруы керек, бұл бүкіл өмірлік цикл жолында дәрі-дәрмек қозғалысының ашықтығына әкеледі және дәрі-дәрмектің сапасын бақылауға көмектеседі.


«ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін айыппұл, түзеу жұмыстары, шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылуы мүмкін екенін естеріңізге сала кетейік. Көрінеу жалған ақпарат таратудың осы фактісі бойынша Денсаулық сақтау министрлігі құқық қорғау органдарына жүгінуге құқығы бар», – делінген ведомство хабарламасында.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.