Вакцинация паспортын сатып алған әйел коронавирустан көз жұмды

382

Маңғыстау облысында жан сақтау бөлімінде вакцинация төлқұжатын сатып алған әйел қайтыс болды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

"Біз басынан бастап вакцинацияны әділ өткіздік. Қазір екпе егу пункттерінде бейне бақылау камералары орнатылған. Бұған дейін Маңғыстау облысында төлқұжат жасату фактілері туралы хабар келіп түскен болатын. Полиция департаментінің мәліметінше, Ақтаудағы  №1 қалалық емханасында осындай жағдай тіркелді. Өкінішке орай, бұған дәрігерлер мен медбикелердің қатысы бар екені анықталды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұдан өзге деректер тіркелмеді", деді Қалмұратова.  

Әкім орынбасары хабарлағандай, ауруханаға түскен науқастардың арасында вацинация төлқұжатын сатып алған әйел болған. Науқас өзге ауданда жалған вацинация төлқұжатын алғанын мәлімдеген. Бірақ өкінішке орай әйел жансақтау бөлімінде қайтыс болды. 

"Мұнда екі жақ та кінәлі. Өзімізді осылай алдаймыз. Бұл вакцинадан қорыққандықтан болады", - деп қосты Гүлмира Қалмұратова. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.