Қызылорда облысында тәулігіне 50-ден астам сәби дүниеге есігін ашады

2 246

Фото: Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасыҚызылорда мың тұрғынға шаққандағы туу көрсеткіші жөнінен өңірлер арасында төртінші орында тұр. Бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Азаматтық хал актілері жазбасындағы мәліметке сүйенсек, 2025 жылғы қаңтар мен мамыр айы аралығында аймақта 6739 сәби дүниеге келген. Оның 3454-і – ұл бала, 3285-і – қыз бала.

– Қызылорда облысында туу көрсеткіші және табиғи өсім тұрақты. Облыстар арасында 1000 тұрғынға шаққандағы туу көрсеткіші бойынша төртінші орындамыз. Статистикаға қарасақ, өңірде күніне орташа есеппен 50-55 сәби дүние есігін ашады. Ай сайын 1550-1600 балаға дейін дүниеге келеді, - деді департамент басшысының орынбасары Айбек Әбілдаев. 

Оның айтуынша, халықтың орташа жасы – 29,8 жас, яғни босанатын жастағы әйелдер саны көп. 

– Бір қуанарлығы, 5-6, тіпті 7-ші перзентін дүниеге әкелген алтын құрсақты аналардың да саны кейінгі кезде артып отыр, - деді Айбек Әбілдаев. 

Еске салайық, бала туғанда берілетін жәрдемақыны 2025 жылдың басынан бастап елімізде 117 мың адам алды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.