Қан компоненттерін QR-код арқылы сәйкестендіру жүйесі енгізілді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық қан орталығында қан компоненттерінің жапсырмаларында QR-кодтарды пайдалануға негізделген ScanQAN цифрлық жүйесі енгізілді,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі Kazinform.kz сайтына сілтеме жасап.
Жобаның мақсаты – қан құю кезіндегі қауіпсіздік стандарттарын күшейтіп, адами факторға байланысты қауіптерді азайту.
Мамандардың айтуынша, ScanQAN жүйесі дәрігерлерге клиникалық жағдайларда жылдам шешім қабылдауға көмектеседі. Республикалық қан орталығында сапа менеджментінің қосымша цифрлық құралдары енгізілген.Олардың қатарында стандартты операциялық рәсімдер мен нұсқаулықтарға жедел қол жеткізуге арналған QR-кодтар, сондай-ақ өндірістік үдерістің критикалық нүктелерін бейнемониторингтеу жүйелері бар. Жоба пациенттердің қауіпсіздігін арттырып, қан компоненттерінің сапасын бақылауды күшейтуге бағытталған.







