Көз аурулары салдарынан 3 мыңнан астам балаға мүгедектік белгіленген

2 507

  Фото:©Nano BananaКөзі нашар көретін 3 мыңнан астам балаға мүгедектік белгіленген, оның ішінде 300-ге жуық бала – үш жасқа толмаған,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпараттық агенттігі.

 Тәулік бойы жұмыс істейтін стационарда көздің тамырлы қабығы аурулары диагнозымен 1 951 бала ем қабылдаған. Сондай-ақ торқабық ауруларымен – 1 062, көру жүйкесінің ауруларымен – 1 025, қабақ ауруларымен – 1 016 және қылилығы бар 852 балаға медициналық көмек көрсетілді. Ал күндізгі стационарда дегенеративті көз ауруларымен – 1 735, қылилықпен – 1 056, қабақ ауруларымен – 614 және торқабық ауруларымен 554 бала емделген, – делінген жауапта.

Министрліктің мәліметінше, амбулаториялық деңгейде балалар арасында ең жиі кездесетін көз ауруларының қатарына миопия, қылилық, катаракта және глаукома жатады. 

2026 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша 17 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам балаға мүгедектік белгіленген. Оның ішінде 300-ге жуық бала үш жасқа толмаған. Ал 29 245 бала динамикалық бақылауда тұр. Оның ішінде 25 193 балада рефракция және аккомодация бұзылыстары анықталған. Ал миопия диагнозымен 18 211 бала есепке алынған, – делінген хабарламада.

Балалар арасында мүгедектікке негізінен көздің туабітті ақаулары, торқабықтың тұқым қуалайтын дистрофиялары, көру жүйкесінің, көздің тамырлы қабығы мен торқабығының аурулары, сондай-ақ жоғары дәрежелі миопияның асқынған түрлері себеп болған. 

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.