Еліміздің өңірлерінде онкология орталықтары күрделі жөндеуден өтпек

1 885
Еліміздің 5 өңіріндегі онкология орталықтарына күрделі жөндеу жоспарланды, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Жоспар жайлы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты.

5 өңірде (Алматы қ., Атырау, Алматы, Ұлытау, Жетісу облыстары) жаңа онкология орталықтарын салу және Ақтөбе, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласында радиологиялық корпус пен операциялық-реанимациялық корпустарды реконструкциялау жоспарда бар, - деді Ажар Ғиният.

Сондай-ақ, ол бүкіл өңірлерде онкология орталықтарын күрделі жөндеу қажеттігін мәлім етті.

Соңғы 3 жылда жаңа онкология орталықтары пайдалануға берілген Маңғыстау, Павлодар және Жамбыл облыстарын қоспағанда, барлық өңірлерде онкология орталықтарына күрделі жөндеу жүргізу көзделген, - деді министр.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.