Медициналық көмек сапасын басқару: жаңа кешенді жоспар әзірленбек

2 318

Фото: ҮкіметМедициналық қызметтің сапасы мен көлемін және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жаңа жоспар дайындалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 

— Президенттің медициналық қызмет сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізудің жаңа жүйесін құру жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында медициналық көмектің сапасын басқару жүйесін жетілдірудің кешенді жоспарын әзірлейміз. Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесіне жасанды интеллект, медициналық ұйымдардың лицензиядан кейінгі және аккредиттеуден кейінгі мониторингі енгізіледі. Сонымен қатар заңнамалық деңгейде медициналық қызметке лицензия мерзімін енгізу мәселесі пысықталады, — деді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысында.

Министрдің мәлімдеуінше, аталған іс-шаралар медициналық қызметтің ашықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

— Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мақсатында дәрігер мәртебесі мен әлеуметтік жағдайын арттыру бағытында министрлік облыс әкімдеріне «Отбасы банкпен» бірлесіп, 2026 жылы әсіресе кадр тапшылығы өте жоғары өңірлерде дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету ұсынады. Сонымен қатар, «Қазақтелекоммен» және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп, медициналық қызметкерлердің қауіпсіздігін қаматмасыз ету мақсатында, 2100 жедел жәрдем бригадалары және 644 стационардың қабылдау бөлмелері видеобақылаумен қамтамсыз етіледі. Осылайша Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау үшін жан-жақты шаралар қабылданады, — деп түсіндірді ведомство басшысы.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.