Мектеп асханаларындағы тыйым салынған тағамдар тізімі өзгерді

2 412

Фото: NUR.KZ/Владимир ТретьяковОқушылар тұтынатын ас мәзіріне өзгерістер енгізілді. Толығырақ Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова айтып берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

— Өткен жылдың соңында жаңа стандарт бекітілді, оған сәйкес дайын тағамдардағы қант мөлшері 3,5 есе, ал тұз мөлшері 2–2,5 есе азайтылды. Сондай-ақ оқушылар тағамына қатысты қатаң шектеу енгізіледі, әсіресе, мектептегі буфетке қатысты. Атап айтқанда, мектеп асханасында тез қорытылатын көмірсуларға, чебурекке, майға қуырылған бәлішке, гамбургер тағы сол сияқты фаст-фуд түріне тыйым салынады, — деп жауап берді Ақмарал Әлназарова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Одан бөлек министрдің мәлімдеуінше, шоколадты батондар мен тәтті газдалған сусындарға да шектеу қойылады.

— Аталған өзгерістер 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді, — дейді ведомство басшысы.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.