ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚЫЗЫЛША АУРУЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ АРТУДА
Қызылордада қызылша ауруын жұқтырғандар саны көбеюде,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қазақстанда ата-аналар мен дәрігерлердің көбі қызылша деген аурудың бар екенін ұмыта бастағандай. Оны беті қайтқан ауру деп санайды. Бірақ 2019 жылы елде бұл ауру күрт өршіп, 19 бала мен екі ересек адамның өмірін жалмады. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша қызылшамен ауырғандардың саны 7 мыңнан астам.
Қызылорда облысында жыл басынан бері қызылша ауруының 460 жағдайы тіркелген. Оның ішінде 387-і 14 жасқа дейінгі балалар арасында есепке алынғаны белгілі болды. Облыс бойынша анықталған деректердің басым бөлігі Қызылорда қаласының (308 жағдай) үлесінде. Аудандар бойынша ол Аралда - 40, Қазалыда - 22, Қармақшыда - 7, Жалағашта - 4; Сырдарияда - 6, Шиеліде - 66 және Жаңақорғанда -7 адамды құрайды.
Жаңа туған бала мен 1-жасқа дейінгі балаларға қызылшаға қарсы салынатын екпеден бас тартқан аналардың қатары да көбейген. Тіпті діни тұрғыда қарсы деп бас тартушылар да бар. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулықты қорғау комитеті бұл мәселеге қатысты халық арасында сауалнама жүргізді.
Нәтижесі төмендегідей:
51% – өз сеніміне байланысты, себебін түсіндіруден бас тартқан;
32% – діни сенімдеріне байланысты;
11% – екпенің сапасына сенбейді;
6% – бұқаралық ақпарат құралдарындағы жағымсыз ақпараттың салдарынан.
Жасыратыны жоқ, тіпті Байқоңыр қаласында арнайы хабарлама беріліп, қызылшаға қарсы екпе салдыру міндеттелуде.
Облысымызда кеңінен тараған жұқпалы дерттің тек балалар емес ересектердің де арасында кеңінен таралуда. Бұл туралы:
«Ал 117 жағдай 1 жасқа толмаған сәбилер арасында тіркелсе, ол 73 ересек тұрғыннан анықталды. Қызылша індетіне шалдыққандардың басым бөлігі ауруға қарсы екпе алмаған. Олардың саны жалпы сырқаттанған азаматтардың 65%-ын құрайды. Атап айтқанда, медициналық қарсы көрсетілімге байланысты егілмегендер үлесі - 17,6, егілетін жасқа жетпегендер үлесі - 39, вакцинациядан бас тартқандар үлесі – 39,2%-ды құрайды. Сондай-ақ, 64 науқастың қызылшаға қарсы иммундық мәртебесі белгісіз екендігі анықталды. Ауырғандардың ішінде екпе алған науқастар да бар. Алайда олар қызылшаға қарсы екпенің толық курсын қабылдамаған. Тек 1 дозасын алған. Яғни ағзада толық иммунитет қалыптаспаған. Сондықтан ауруды жұқтырып алу дерегі отіркелген», - деді Қызылорда облысының санитариялық-эпидемиологияляық бақылау департаментінің бөлім басшысы Әлия Ыдырысова.
Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуді басты қағида етуге кеңес береді мамандар.