Қазақстанға қытайлық вакцинаның тағы 3 миллион дозасы жеткізілді

310
Қазақстанға қытайлық Sinopharm (Vero Cell) вакцинасының 3 миллион дозасы жеткізілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Vero Cell Sinopharm вакцинасының (ДДСҰ мақұлдаған) 3 миллион дозасы Қазақстанға жеткізілді", - деп жазды Алексей Цой Facebook-парақшасында. 

Айта кетейк, 10 тамызда Sinopharm компаниясы өндірген Vero Cell вакцинасының бір миллион дозсы Қазақстанға жеткізілгені туралы хабарланған болатын.

Биыл 7 мамырында Vero Cell қытайлық вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаңған. Шілдеде ол COVAX вакциналар банкіне кірді. Вакцина белсенді емес, екі дозалы. Сақтау мерзімі - 24 ай.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.