Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

327
Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті.

29 шілдедегі жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Алматы облысы, Ақмола облысы, Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Қарағанды облысы, Қостанай облысы, Қызылорда облысы, Маңғыстау облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Павлодар облысы және Солтүстік Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.


 "Сары" аймақта Түркістан облысы орналасқан. 


Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 7479 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 557 107-ге жетіп отыр.