Сұлулық үшін салдырып жүрген корейлік система жарнама ма?
Желіде соңғы уақытта система арқылы жасаруға арналған оңтүстік кореялық өнімдер қызу талқылануда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бағасы 10–25 мың теңге тұратын бұл сұйықтықты көктамыр арқылы енгізеді. Астаналық Сандуғаш есімді ару 20 рет тамшылатып егу салдырғанын, бірақ нәтиже болмағанын айтты.
Терапевт, гастроэнтеролог Жазира Халменова мұндай процедуралардың қауіпті екенін ескертті. Оның айтуынша, құрамында глутатион, витамин С және альфа-липоевая қышқылы бар жүйелер дәрігердің бақылауынсыз салынып жатыр.
Дәрігерлердің айтуынша, ағзаны жасартудың ең қауіпсіз жолы – дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы және салауатты өмір салты.







