Сұлулық үшін салдырып жүрген корейлік система жарнама ма?

1 555

Русский перевод этой статьи пока не опубликован. Ниже — оригинал на казахском языке.

Коллаж: Stan.kzЖеліде соңғы уақытта система арқылы жасаруға арналған оңтүстік кореялық өнімдер қызу талқылануда,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Бағасы 10–25 мың теңге тұратын бұл сұйықтықты көктамыр арқылы енгізеді. Астаналық Сандуғаш есімді ару 20 рет тамшылатып егу салдырғанын, бірақ нәтиже болмағанын айтты. 

“60 мың теңгем желге ұшты. Бірінші рет салдырғанда өлім аузынан қалдым”, – дейді ол.

Терапевт, гастроэнтеролог Жазира Халменова мұндай процедуралардың қауіпті екенін ескертті. Оның айтуынша, құрамында глутатион, витамин С және альфа-липоевая қышқылы бар жүйелер дәрігердің бақылауынсыз салынып жатыр.

“Көпшілігі анализ тапсырмай-ақ салдырады. Дозасы мен құрамы дұрыс таңдалмайды. Нәтижесінде улану, аллергия, тіпті гепатитке ұласқан жағдайлар кездеседі. Бір реттік капельница арқылы жасару – миф”, – деді маман.

Дәрігерлердің айтуынша, ағзаны жасартудың ең қауіпсіз жолы – дұрыс тамақтану, жеткілікті ұйқы және салауатты өмір салты.

OpenNews
информационное агентство
Правовая информация

При использовании материалов ссылка на публикацию обязательна.

Информационный материал +18 предназначен для лиц в возрасте от 18 лет и старше.

Контакты

Нашли ошибку в тексте?
Выделите его и нажмите Ctrl + Enter .

Социальные сети

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - информационное агентство.