Коронавирустан 900-ге жуық науқас емделіп жатыр – министрлік

429
27 қазандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде 880 адам коронавирус инфекциясынан (734 науқас КВИ+, 146 науқас КВИ-) емделуде, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Коронавирус инфекциясына (КВИ+) және коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққандар арасында:
- 1 адамның жағдайы ауыр;
- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Жалпы, 27 қазандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде 880 адам коронавирус инфекциясынан (734 науқас КВИ+, 146 науқас КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 89 пациент стационарда, 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
26 қазан күнгі тәулік ішінде аталған вирус тағы 22 адамнан анықталды. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.