ТЖМ тікұшағы науқасты шұғыл жеткізіп, өмірін аман алып қалды
"Қазавиақұтқару" АҚ ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, науқасты шұғыл түрде тасымалдауды жүзеге асырды. Тікұшақ 1955 жылы туған ер адамды Баянауыл ауылынан шұғыл медициналық көмек көрсету үшін Павлодар қаласына жеткізді, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
ТЖМ тікұшағы кезекті шұғыл санитарлық тасымалдауды жүзеге асырды.
Ұшқыштар мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында науқас облыс орталығына аман-есен жеткізіліп, медициналық мамандарға тапсырылды.
Қаз
Рус






