Балалар ауруханасының медбикесінен туберкулез анықталды

2 512

Фото:  Depositphotos.comАстана қаласындағы №1 балалар ауруханасында жұмыс істеген медбикеден туберкулез анықталғаны ресми түрде расталған,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қызметкер денсаулығының нашарлауына байланысты дәрігерге қаралғаннан кейін 2026 жылдың сәуір айында туберкулез диагнозы қойылған.

Медбикенің соңғы жұмыс күні 24- ші сәуір болғаны айтылған.

Қазіргі уақытта ол фтизиопульмонология орталығында ем қабылдап жатыр.

Балалар тексеріліп жатыр

Медбике №1 балалар ауруханасының ерте жастағы балалар патологиясы бөлімінде жұмыс істеген. Бұл бөлімде бір жасқа дейінгі нәрестелер ем алады.

Осыған байланысты соңғы үш айда байланыста болған балалар тізімі жасалып, тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижелер арнайы ұлттық базаға енгізіліп, бақылауға алынған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы маманның ақпан айында жоспарлы флюорографиялық тексеруден өткенін, ол кезде ауру белгілері анықталмағанын хабарлаған. Сондықтан ол жұмысқа ресми түрде жіберілген.

Қызметкерлер қайта тексерілді

Ведомствоның мәліметінше, байланыста болған 39 медицина қызметкері қосымша тексеруден өткен. Барлығынан туберкулез белгілері анықталмаған.

Сонымен қатар медбике тексеруден өткен жекеменшік медициналық ұйымға қатысты да тексеру басталатыны айтылды.

Денсаулық сақтау басқармасы ауру анықталғаннан кейін ауруханада барлық қажетті санитарлық және алдын алу шаралары жүргізілгенін мәлімдеген.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.