Қазақстанда алғаш рет инсульттің алдын алатын ота жасалды

2 341

Ахмет Ясауи университетінің Клиника-диагностикалық орталығында алғаш рет бас миы тамырларының аневризмасына емдік ота жасалынды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қарапайым тілмен айтқанда, бұл – инсульттың алдын алатын ота. Операция екі жарым сағатқа созылып, ангиография құрылғысының көмегімен және эмболизация әдісін қолдану арқылы жасалды. Отаға нейрохирургтар, реаниматолог-анестезиологтар мен неврологтар қатысты.


Клиниканың бас дәрігері Мехмет Зия Генчер айтуынша, ми аневризмасы бас миындағы әлсіреген қан тамырлары ісініп, томпайғаннан кейін дамиды. Егер дер кезінде медициналық көмек көрсетілмесе, аневризма жарылып, миға қан құйылуы мүмкін.


Айта кетейік, университет клиникасы 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Түркістан облысындағы үшінші дәрежелі бірінші және жалғыз инсульт орталығы ретінде Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінде аккредитациядан өтті. Клиника-диагностикалық орталығында бас миы тамырларына жасалып жатқан оталар жақын келешекте облыстағы инсульттан болатын өлім-жітім мен мүгедектік санын азайтуға айтарлықтар ықпал етеді деген сенім мол.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.