Қызылордада дәрігерлер 72 жастағы әйелден 5 килограмм киста алды
Көпбейінді Қызылорда облыстық ауруханасында кезекті күрделі ота сәтті аяқталды. Бұл туралы аурухананың баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Дәрігерлер 72 жастағы әйелдің оң жақ аналық безінен салмағы 5 килограмм болатын ісікті алды.
Отаны хирург дәрігер, PhD, аурухана басшысының хирургия жөніндегі орынбасары Ербол Серікұлы бастаған мамандар жасады. Пациент отадан кейін палатаға шығарылды. Дәрігерлер оның денсаулығын тұрақты деп бағалап отыр.
Қаз
Рус






