Биыл елімізде бірқатар қауіпті инфекциялар тіркелмеген

415

Алексей Цой 2021 жылғы 8 айда қауіпті инфекциялар  тіркелген жоқ деп,

мәжілістің үкімет сағатында мәлімдеді- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 


Биыл қызылшамен сырқаттанушылықтың бар болғаны екі жағдайы тіркелген.

“2020 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 23 нозология бойынша сырқаттанушылықтың, оның ішінде жіті вирустық гепатиттермен 3 есе, менингококк инфекциясымен 2,6 есеге төмендеуі байқалды. Ағымдағы жылы қызылшамен сырқаттанушылық бірлі-жарым жағдайға дейін төмендеді", - деді Цой.

Ел аумағында аса қауіпті инфекция саналатын оба, туляремия, сібір жарасының, Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының, бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызбаның табиғи ошақтары бар. Обаның табиғи ошақтары республика аумағының 39%-ын алып жатыр.

"Соңғы 3 жылда Конго-Қырым геморрагиялық қызбасымен сырқаттанушық көрсеткіші бір деңгейде сақталып отыр. Жыл басынан бері аурудың 18 расталған жағдайы тіркелді. Сонымен қатар, биыл 6 облыстың тұрғындары арасында сібір жарасының 17 жағдайы тіркелді", - де


Ведомство басшысының айтуынша, аталған аурулардың алдын алу үшін жүргізілетін вакцинация шарасы нәтижелі көрсеткіштерге ие екенін атап өтті.

"2021 жылдың 8 айында республика бойынша менингококк инфекциясының 12 жағдайы тіркелді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,7 есеге төмен. Сонымен қатар, көкжөтелмен, эпидемиялық паротитпен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады", - деді Алексей Цой.