Қазақстанда Pfizer вакцинасы кімге салынады

330

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов АҚШ-тың Pfizer екпесімен вакцинациялауға қатысты әдістемелік ұсынымдарын жариялады- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Pfizer препаратымен коронавирустық инфекцияға қарсы келесі тұлғалар вакцинацияланады: 

1) 12 жастағы және одан үлкен жасөспірімдер;

2) жүкті әйелдер (жүктіліктің 16 аптасынан бастап 37 аптасына дейін);

3) лактация кезеңіндегі әйелдер (босанғаннан кейінгі кезең аяқталған 42 күннен кейін).

Вакцина салдыру алдында коронавирусқа антиденелердің болуына тексеру жүргізілмейді.

Екпе алатындарға жататын адам санына сәйкес егу бригадаларының қажетті саны, вакцина, шығын материалдары, тоңазытқыш жабдықтар, автокөлік саны есептеледі.

Өңірлердегі Денсаулық сақтау басқармасы аумақтық департаментпен және білім басқармасымен бірлесіп жауапты мамандар қатарынан әрбір аудан, қала бойынша КВИ-ге қарсы вакцинация жүргізу жөніндегі іс-шараларды үйлестіретін кураторды тағайындауы қажет.


"Бұл ретте халықпен жұмыстың ұйымдастырылуына, оның ішінде азаматтарды, кәмелетке толмағандардың ата-аналарын ақпараттандыруға назар аудару қажет. Тағайындалған кураторлар: егілуге жататын халықтың коронавирусқа қарсы вакцинациялауға дайындығын бағалауды, әрбір егу бригадасының талапқа сай жасақталуын, вакцинаны тоңазытқыш жабдықтарында сақтау және тасымалдау қағидаларының сақталуын, екпелермен жұмыс, егу техникасы, егуге рұқсатты дұрыс анықтау, вакцина салынған соң иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністе рбойынша медицина қызметкерлерінің білімін бағалауды жүзеге асыруы тиіс", - делінген әдістемелік ұсынымда.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.